Қонақ үйдегі таулардағы сауна мен бассейн ➤ BeFine

Бассейн және Сауналар

Саяхатшылар өздерінің демалыстарын жоспарлап, ыңғайлы орынды таңдап, қонақ үйлер ұсынатын қызметтер кешеніне назарларын аударады. Қонақтар үшін Алматы тауларындағы хамам және сауна қызметі бар SPA тартымды болып келеді, өйткені, бұл, демалу және бойыңды еркін ұстау үшін тамаша орын. Be Fine қонақ үй кешенінің тағы бір артықшылығы жүзу бассейнінің болуы саналады. Әсіресе, ашық су қоймаларында жүзуге мүмкіндік болмайтын қыс мезгілінде. Қыста Алматы тауларындағы бассейні бар қонақ үйлер ерекше сұранысқа ие.

Сауна мен бассейні бар қонақ үйді таңдау: ұсыныстар мен ережелер

Демалыс орны сізге сәйкес келетініне көз жеткізу үшін, бөлмелерді брондаудан бұрын мыналарға назар аударған жөн:

  • қонақ үй веб-сайтын және ұсынылатын қызметтер мен бағаларды егжей-тегжейлі зерттеңіз;
  • барлық ұсынылған фотосуреттерді қарап шығыңыз;
  • ықтимал демалыс орнының рейтингі мен пікірлерін қараңыз.

Сондай-ақ мыналарды да білген дұрыс:

  • сауна түрін;
  • жағдайын: температурасын және ылғалдылығын;
  • орындар санын;
  • келу ережелерін.

Алматы тауларындағы бассейні бар қонақ үйлерді таңдау үшін мыналарды білу қажет:

  • бассейннің түрін (ашық немесе жабық);
  • көлемін және тереңдігін;
  • толыққанды жаттығу үшін жағдайлардың болуын;
  • балалармен бірге бару мүмкіндігін.

Неліктен біз – сіздің демалысыңыз үшін ең жақсы нұсқа болып табыламыз

Be Fineтауларда орналасқан қонақүй, біз терезелері тауға қараған кереметтей жайлы нөмірлерден басқа, өз қонақтарымызға ұмытылмас демалыс үшін қызметтердің тұтас кешенін қуана-қуана ұсынамыз, оларға мыналар жатады:

  1. Бу бөлмесі бар хамам немесе түрік моншасы – жоғары ылғалдылық сақталатын және температура 45-50°С-тан аспайтын монша қызметі, бұл ағзаға стресстік әсер етпейді, сонымен қатар ол үшін өте пайдалы. Моншаны өзінің денсаулығына қарай, ыстық буды жақсы көретін адамдар пайдаланады. Бу бөлмесі бар хамамның емдік әсері бар және ол бойды босаңсыту мен тыныштық сезіміне батыруға мүмкіндік береді.
  2. Фин саунасы – неғұрлым экстремалды монша кешені, ол жерде өте құрғақ ауа сақталады (10-15% ылғалдылық) және температура 100°С-қа дейін жетеді. Мұндай ыстық ағзадан токсиндердің шығарылуын арттырады, қан айналымын жақсартады, тыныс алу органдарына пайдалы әсер етеді, ең бастысы-шаршауға қарсы тиімді әдіс болып табылады.

BefineАлматыдағы бассейні бар қонақ үй, оған келу бойын босаңсытып релаксті жақсы көретіндерге, сондай-ақ белсенді демалысты бағалайтындар үшін қолайлы. Көлемі 25 х 8 метр, бұл кәсіби (жартылай олимпиадалық) бассейннің өлшемдеріне сәйкес келеді.

Егер сіздің таңдауыңыз біздің қонақ үйімізге тоқтаған болса, біз сізді сапалы сервиспен, әр түрлі қызмет түрлерімен және қолайлы бағалармен қуантатын боламыз.